Болашақты бірге құрамыз: Германияда және Қазақстандағы білім беру

2017 жылдың 16 наурызында неміс тілінің оқытушылары мен ЕАГИ студенттері Германия елшілігі «Возрождение» Қазақстан немістері қоғамдық ұйымдарының қауымдастығымен бірге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастықта ұйымдастырылған «Болашақты бірге құрамыз: Германияда және Қазақстандағы білім беру» конференциясына қатысты.   Конференция Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнығуының 25 жылдығына арналды және ҚР Астана қаласының Ұлттық академиялық кітапханасында өтті.

Конференция барысында білім беру саласында екі жақты ынтымақтастықтың барлық аспектілері, келешегі айтылды. Конференцияның мақсаты Германия мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың құрылымдарын бекіту және кеңейту болып табылады.

Конференцияға ҚР шетел істерінің вице-министрі Р. Василенко, ҚР-ғы ГФР елшісі Р. Мафаэль, Қазақстан халықтары ассамблеясының төрағасы, Қазақстан немістерінің қоғамдық ұйымдары қауымдастығының төрағасы  А.Дедерер және қазақстандық, германиялық білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты.