Brain-Ring ойыны

2023 жылдың 25 сәуірінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында жастар арасында лудоманияның алдын алу мәселелері бойынша Brain-Ring зияткерлік ойыны өтті. Қызықты және тартымды ойынның ұйымдастырушысы Жастар ісі жөніндегі комитет болды.

Зияткерлік сайысты өткізудің негізгі мақсаттары – ЕАГИ студенттері арасында құмар ойындардың алдын алу, «лудомания» ұғымымен таныстыру, студенттердің логикасы мен тапқырлығын дамыту, сондай-ақ жас көшбасшыларды шешендік шеберлік пен сыни ойлау дағдыларына үйрету.

Келесі командалар:

1-орын – «Жалын» командасы;
2-орын – «Шабыт» командасы;
3-орын – «One team» командасы Brain-Ring зияткерлік ойынының жеңімпаздары болып танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар мен грамоталар табысталды.