«Брейн-ринг» сыбайлас жемқорлыққа қарсы зияткерлік ойыны

2023 жылғы 13 қазанда А. Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ. м. Г. А. Қанафина «Жас Қыран» сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік клубының жұмыс жоспарын іске асыру аясында «Құқықтану» білім беру бағдарламасының студенттері қатысқан «Брейн-ринг» зияткерлік ойыны өткізілді (ЮР-21-01, ЮРТ-22-01 академиялық топтары).

Ойынның мақсаты: студенттердің сыбайлас жемқорлық, оның көріністері туралы білімдерін бекіту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы, студент жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыру, олардың құқықтық сана деңгейін арттыру болды.

Ойын қорытындысы бойынша «Әділет» командасы 1 орынды, «Жас Қыран» командасы 2 орынды, «Фемида» командасы 3 орынды иеленді.

Іс-шараның барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды.