ӘБУ-НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ОЙЛАРЫ: ЖАСТАР КӨЗІМЕН

Қазақ және орыс филологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Әбу-Насыр Әл-Фарабидің философиялық ойлары: жастар көзімен» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент Л.Н. Дәуренбекова қатысушыларға сәттілік тілеп, өз сөзінде әлемдік деңгейдегі тұлға туралы ойларымен бөлісті. Іс-шара модераторы аға оқытушы А.Е. Алимбаев «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегінің өзектілігіне тоқтала келіп, ХХІ ғасырдағы қазақ жастарына рухани азық болатынын сөзге тиек етті. Баяндамашылар Жанарбекұлы Абзал, Сералы Жадыра, Кидирбекова Арайлым ғұламаның философия, музыка, әдебиеттану ғылымдарына қатысты жазылған еңбектері жайлы пайымдауларын ортаға салды.