ДҮЙІМ ЖҰРТТЫ АУЗЫНА ҚАРАТҚАН ШЕШЕН

Биыл Қаздауысты Қазыбек бидің туғанына 350 жыл. Дала данышпаны деген атаққа ие болған Қазыбек Келдібекұлының мерейтойына орай ҚТӘ-14-01, ҚТӘ-14-02 тобының студенттері «Шешендік өнер» сабағында «Рухани жаңғыру және Қазыбек бидің қызметі мен шығармашылық мұрасы» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі А.Е. Алимбаев «Ауыз әдебиетінің ерекше жанры – шешендік өнер» тақырыбында баяндама жасады. Дөңгелек үстел барысында бидің өмірі мен шығармашылығына қатысты жан-жақты мәлімет беретін видеоролик көрсетілді. Сонымен қатар Қуанова Набат, Нұрбаева Ләйла және Сәрсенбай Анар Қазыбек бидің шығармашылығы мен қоғамдық қызметі жайлы мәліметтер жинақтап, студенттермен бөлісті.