“Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024” шарасының тұсаукесері ЕАГИ қабырғасында өтті.

2024 жылдың 13 ақпанында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясының еріктілермен жұмыс бөлімінің басшысы Б.Б. Жанділдаев студент жастарды, оның ішінде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының студенттерін еріктілер қатарына тарту мақсатында “V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024” шарасының презентациясын өткізді. “Дүниежүзілік көшпенділер ойындары” Астана қаласында 2024 жылдың қыркүйек айының 8-14 аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 4 мыңға жуық қатысушы қатысады. Спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларға 100 мыңнан астам турист келеді деп күтілуде.

Тұсаукесер қорытындысы бойынша ЕАГИ студенттері “V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2024” шарасына еріктілер командасына кіруге ниет білдірді.