Дәстүрді жалғастыру

2023 жылдың қарсаңында Еуразия гуманитарлық институтының ерікті студенттері Астана қаласы әкімдігінің «11 Қалалық емхана» ШЖҚ МКК есебінде тұрған халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балалар мен қарттарды келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Еуразия гуманитарлық институтының қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері қатысқан «ЕАГИ – жақсылық аумағы» қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа балаларға арналған ойыншықтар мен тәтті жаңа жылдық сыйлықтар сатып алынды.