«Дара жол» бағдарламасының түсірілімі

2017 жылғы 6 ақпанда Еуразия гуманитарлық институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенттері Қазақстан ұлттық телеарнасында ұйымдастырылған Дана Нұржігіттің «Дара жол» бағдарламасының түсіріліміне қатысты. Кеш «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі болған, ардагер тележүргізуші, ақын, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының дара жолына арналды.