«Әдеби таң»

ЕАГИ-де А.Б. Берлібайдың жетекшілігімен «Әдеби таң» атты оқу жобасы өтті. Студенттер өздері ұнатқан шығармаларды таңдап алып, «Базалық шетел тілі» пәні сабағында оқыған шығармаларынан алған әсерлерімен бөліседі.

Кітап – білім бұлағы. Сондықтан оқуда кітаптар маңызды рөл атқарады. Ағылшын тілінде кітаптар оқу – бұл тілді ұмытпау мен сөздік қорды молайтудың ең бір қолайлы тәсілдерінің бірі. Шетел тіліндегі кітаптарды оқып, студенттер өздері үшін бұған дейін белгісіз болған әдебиет әлемін ашады.