Діндерді зерттеу орталығының өкілдерімен кездесу

2023 жылғы 27 сәуірде А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында «Шетел тілі: екі шет тілі» білім беру бағдарламасының 1-2 курс студенттерінің жастар ортасындағы дәстүрлі діндердің рөлі мен орны тақырыбында Діндерді зерттеу орталығының өкілдерімен кездесуі өтті. Спикерлер: А.С. Нұрадинов, псих.ғ.к., ЕҰУ профессоры, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі және М.Қ. Қайдар, дінтану PhD докторы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі болды. Дәріскерлердің сөздерінен кейін студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.