Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу
4 ақпанда ЕАГИ-дің бірінші курс студенттері діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу бойынша іс-шараларға қатысты
ЕАГИ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Я.Н. Оспанова өзінің құттықтау сөзінде талқыланып жатқан тақырыптың маңыздылығы мен өзектілігін және жеке тұлғалық өзін-өзі басқару үшін діни сұрақтар бойынша анықталған құзыретті ақпаратты алу қажеттілін атап өтті. Студенттер алдында діни-құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Діни мәселелерді зерттеу орталығының маманы Айбасова Арайлым мен Нұр-Астана мешітінің наиб-имамы Салимов Асхат сөз сөйледі. Студенттер іс-шараның соңында өздерін қызықтыратын сұрақтар қойды.