«Достық торы» тақырыбында тиімді қарым-қатынас жасау үшін тренинг

Жағымды өзара әрекеттестік дағдыларын алу және студенттер арасындағы қарым-қатынастағы кедергілерді жою мақсатында 2023 жылдың 06 қазан айында Еуразия гуманитарлық институтының психологы А.Б. Мусиев және «Сенім» атты студенттерді психологиялық қолдау клубының жетекшісі А. Маратова және клуб көшбасшысы Ә. Ерлан (ШТ-22-01 академиялық тобы) студенттерге «Достық торы» атты арнаулы тренинг өткізді. Тренингке БО-22-01, ШТ-23-04 академиялық топтарының студенттері қатысты. Тренинг барысында студенттер командалық қарым-қатынас дағдыларын жақсартуға және басқа адамдарды жақсы түсінуге көмектесетін жаттығуларға қатысты. Қатысушылар тренингке қатысқанына риза болды.