«Dreamers» «мюзиклі: KИT инклюзивті театры мектебінің қойылымы

2019 жылғы 23 қарашада педагогика кафедрасының оқытушылары п.ғ.к., доцент Ізделеуова Ақмарал Бақытжанқызы және ә.ғ.к., , доцент Құралай Арапбайқызы Мұхаметова «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3-курс студенттері Дарья Анпилова және Ивета Аржибельяровамен бірге «Dreamers» «мюзиклінің көрермені болды.

Мюзикл – KИT инклюзивті театры мектебінің ерекше қажеттіліктері бар жастардың өз армандары, қиындықтары, достары туралы айтатын үшінші қойылымы.

Осы керемет театрдың волонтелерінің қатарында ЕАГИ студенттері: Анастасия Шендрик («Педагогика және психология» мамандығының 3-курсы) және Шмарова Мария («Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының төртінші курсы) да бар.