Еңбек ардагерлерін Алғыс айту күнімен құттықтау

2023 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күнін мерекелеу аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетілді.

Осы көктемгі күні ректор, психолог.ғ.к., профессор А.Ж. Исмаилов,  тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова, PhD, доцент, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі А.Е. Алимбаев және п.ғ.к., профессор, педагогика кафедрасының меңгерушісі Н.Т. Ныгыманова алғыс сөздер мен құттықтаулар айтты. Сондай-ақ, еңбек ардагерлерін ЖІК төрағасы А. Абильдина және белсенді студенттер құттықтап, мереке қонақтарына гүлдер мен кітаптар сыйлады.

Кездесу белгілі қазақстандық авторлардың күйлерін домбырада орындаған студент Б. Досекенұлының музыкалық құттықтауымен аяқталды.