«Еңбек – бәрін жеңбек» кураторлық сағат

2023 жылғы 6 қазанда Еңбек күнін мерекелеу аясында кураторлар А.С. Абельдинов пен Г.А. Канафина «Еңбек бәрін жеңбек» ЮРТ-22-01, ЮР-21-01 академиялық топтарында (2-3 курстар, «Құқықтану» білім беру бағдарламасы) кураторлық сағат өткізді.  Іс-шараның мақсаты: студенттердің қоғам өміріндегі еңбектің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту, студенттерді оқу еңбегін дұрыс қабылдауға бағыттау, адамның еңбексүйгіштік, дербестік, табандылық сияқты адамгершілік қасиеттерін  қалыптастыру болды.