«Еңбек күні» тақырыбында кураторлық сағат өтті
2025 жылғы 9 қазан күні куратор Арнагүл Кенжебекқызы Балжанова 2 курстың ЮР-24-01 тобы және 1 курстың ЮР-25-01 тобы студенттерімен «Еңбек күні» тақырыбында кураторлық сағат өткізді.
Кездесу барысында студенттер мерекенің тарихы және маңыздылығымен, еңбек құндылықтары мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлімен танысты. Еңбек әр адамның өмірінің бір бөлшегі екендігі, жұмысшы мамандық иелеріне құрметпен қарау қажеттігі, сондай-ақ еңбекшілердің қоғамның дамуына қосып жатқан үлесі талқыланды.



