«Еңсесі биік Еліміздің болашақ жастары Елбасымен бірге» атты онлайн семинар

23 қараша күні ЕАГИ студенттері және п.ғ.м., аға оқытушы Давлетова Салтанат Есенгалиевнаның қатысуымен «Еңсесі биік Еліміздің болашақ жастары Елбасымен бірге» атты онлайн семинар өтті. ҚР-ның Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған шарада оқытушы Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын алға басу маңыздылығы туралы айтты.

ПДК-18-01, ПДК-18-02 топтарының студенттері Кабенова Айгерім мен Жамбулова Балауса семинар тақырыбына байланысты презентация дайындап, Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі, елді басқарудағы жетістіктері мен реформалары жайында мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар, ел ертеңі – болашақ жастардың қолында екенін атап өтіп, Елбасының 2019 жылғы жолдауы туралы айтылды.

ПДК-18-01 тобының студенті Сейтханқызы Замира дайындаған бейнероликте Нұрсұлтан Назарбаевтың реформалары мен еліміздегі әлі шешілмеген мәселелерге қатысты Елбасының айтқан ойымен танысты. Ол мәселелер – мұғалім мәртебесі, ЖООлардағы жемқорлық, полиция жұмысы. Барлық студенттер өз ойларын ашық айтып, сол мәселелерді қандай жолмен шешу керектігі жөнінде ортақ дискуссия жүрді.