«ЕАЭҰ капиталы нарығындағы біріктірудің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел

28 қаңтарда экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы Шағын бизнесті кредиттеу басқармасының бастығы А.Н. Мұхамединаның қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің жұмысына ЭжМП кафедрасының оқытушылары мен «Қаржы» мамандығының 1-3-курс студенттері қатысты. Басқарманың жетекшісі біріктірудің негізгі мәселелеріне, ҚР-дағы біріктіру мәселелеріне жан-жақты тоқтады. Кездесу қызықты өтті. Студенттер ҚР экономикасының қаржы секторындағы кредитке қатысу туралы сұрақтар қойып, белсенділік танытты.