ЕАГИ-де Қазақстандағы қазіргі діни тұрақтылық пен рухани даму мәселелері талқыланды
Үстіміздегі жылдың 24 ақпан күні Педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен және 1 курс студенттерінің қатысуымен «Қазіргі Қазақстандағы діни тұрақтылық және рухани даму мәселелері» атты тақырыптағы семинар өткізілді. Семинарға Астана қаласы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының «Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек беру» бөлімінің басшысы Л.Қ.Қойшиева және философия ғылымдарының кандидаты, дінтанушы ғалым К.Тышхан, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Б.С.Сарсекеев қатысты. Семинар барысында еліміздегі мемлекеттік діни саясат, діни тұрақтылық мәселесі талқыланып, жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселесі көтерілді. Студенттерге Дін мәселелерін зерттеу орталығының арнайы дайындалған буклеттері, брошюра және ақпараттық материалдары таратылды.