ЕАГИ Қазақстан Республикасы Жастар күнін тойлады

2016 жылдың 9 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтында  студенттер арасында Астана қаласының ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасымен бірлескен баскетболдан Қазақстанның жастары күніне арналған турнир өтті. Құттықтау сөздерін тәрбие ісі жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты  Я.Н. Оспанова, Астана қаласының ІІД ЕБК бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі С.С. Ильиных, ЖІК төрағасы Тырнахан Нұргүл білдірді.

Командаларға грамоталар мен бағалы сыйлықтарды баскетбол бойынша ҚР ұлттық құрамасының капитаны, «Астана» баскетбол клубының капитаны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ерғалиев Рустам табыстады. Табанды күресте 1-орынды «Шетел тілдері» кафедрасының командасы, 2-орынды «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының командасы, 3-орынды «Қазақ және орыс филологиясы» кафедрасының командасы жеңіп алды. Сонымен қатар, «Экономикалық және математикалық пәндер» кафедрасы мен «Педагогика» кафедрасының командаларына грамоталар табысталды.

Турнирдің үздік ойыншылары Асқарова Салтанат (Ф-15-01), Амрин Ержан (ЮР-15-01) грамоталармен марапатталды.