ЕАГИ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін атап өтті
2018 жылдың 30 қарашасында Еуразия гуманитарлық институтында Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Институттың ректоры, академик А.Қ.Құсайынов құттықтау сөз сөйледі.
Ректор өз сөзінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көрнекті еңбектерін атап өту және тану мақсатында құрылғанын ерекше сөз етті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі туралы баяндаманы тарих ғылымдарының кандидаты, доцент М.М.Джанпеисова жасады.
Одан әрі іс-шара біздің институттың студенттерінің шығармашылық нөмірлерімен безендірілді.