ЕАГИ басшылығының В.Г. Короленко ат. Глазов мемлекеттік педагогикалық институтының ректорымен кездесуі

2022 жылғы 23 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтында ЕАГИ ректоры психол.ғ.к., профессор А.Ж. Исмаиловтың В.Г. Короленко атындағы Глазов мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры ф.ғ.к., доцент Я.А. Чиговская – Назаровамен кездесуі өтті. Кездесу аясында ғылым, білім беру, академиялық ұтқырлық және т.б. салалардағы ынтымақтастық бағыттары туралы сындарлы әңгіме өрбіді. Кездесу соңында екі ЖОО ректорларының өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қоюы болды.