ЕАГИ «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты
2021 жылдың 23 сәуірінде Еуразия гуманитарлық институтының әкімшілігі, профессорлар-оқытушылар құрамы мен студенттері «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке қатысты.
Сенбілік кезінде институт ғимараттарына іргелес аумақтарды тазалау, сондай-ақ қоқыс пен қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау бойынша жұмыстар жүргізілді. Сенбілікті ұйымдастыру үшін институт қажетті жұмыс құрал-жабдықтарын ұсынды. Акцияның барлық қатысушылары белсенділік танытып, туған қаласының келбетін жақсартуға барынша күш салды.
Сенбілік – бұл әдемі және таза әлемде өмір сүруге деген ықыласымызды көрсетудің, көктемнің шуақты күнінде ашық ауада бейресми жағдайда бірге сөйлесудің тамаша тәсілі.