ЕАГИ-де 1-курсқа арналған квест-ойын өтті

2022 жылдың 1 қыркүйегінде «Білім күні» мерекесі аясында Еуразия гуманитарлық институтында Жастар ісі жөніндегі комитеттің, Студенттік Парламенттің көшбасшылары 1-курс студенттері үшін квест-ойын ұйымдастырды.

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна және ЖІК төрағасы Абильдина Айгерим сөз сөйледі.

Бірінші курс студенттері жоғары курс тәлімгерлерінің басшылығымен көңілді, тату, құмарлықпен квест-ойындар қызықты станцияларынан өтті және күрделі, кейде тапқырлық пен креативтілікке тапсырмаларды орындады. Балалар институт туралы күрделі сұрақтарға бірлесіп жауап берді, тапқырлық таныта отырып, алғашқы шығармашылық емтиханды «тапсырды», тіпті театрлық басқа кейіпке түсіге тырысты.

«Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасының студенттері квест-ойынның барлық тапсырмаларын бірінші болып өтті. Мәреге «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының біріккен командасының бірінші курс студенттері екінші болып келді.  Балаларды біздің институттағы алғашқы жетістіктерімен құттықтаймыз!

Мереке өте жақсы өтті! Барлығы жағымды эмоциялар мен тамаша көңіл-күй алды!