ЕАГИ-де 2016 жылғы бітірушілерге дипломд табыстау рәсімі өтті

Бүгін ЕАГИ-де «Шетел тілі: екі шет тілі» және «Аударма ісі» мамандықтарын бітірушілерге қорытындылаушы диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты рәсімге олардың қуанышымен бөлісу үшін туысқандары мен жақындары жиналды.

Құттықтау сөздерін оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, академик, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә.Ахметов, шетел тілдері кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Г.Ү.Аренова, деканның орынбасары Б.Т.Байльденов жолдады.

Диплом табыстау рәсімін институттың Жастар ісі жөніндегі комитеті ұйымдастырған мерекелік концерт жалғастырды. Түлектер институт ұжымына жоғары оқу орны қабырғасында алған білімдері мен тәжірибесі үшін үлкен алғыс білдірді.