ЕАГИ-де академиялық ұтқырлық бағдарамасы басталды

foto

Жаңа оқу жылында Еуразия гуманитарлық институты, отандық серіктес ЖОО-мен: Абай атындағы Қазақ ұлттық университетімен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетімен, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетімен, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтымен белсенді түрде ынтымақтаса отырып, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын жүзеге асырады. Бұған дәлел, біздің 12 студентіміз, өздерінің академиялық көрсеткіштерін арттырып, тәжірибе алмасып, жеті ЖОО-дарында білім алады. ЕАГИ қыркүйек айында академиялық алмасу бойынша келген бес студентті қарсы алды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы келесі мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: 5В011700 – қазақ тілі мен әдебиеті; 5В011900 – шетел тілі: екі шетел тілі; 5В050900 – қаржы; 5В020700 – аударма ісі; 5В010300 – педагогика және психология; 5В011400 – тарих.