ЕАГИ-де академиялық топ кураторларының қатысуымен оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы тұру бойынша сұрақтарды талқылауға арналған отырыс өтті
2016 жылдың 2 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының қабырғасында оқу орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы тұру бойынша сұрақтарды талқылауға арналған отырыс өтті.
Мәжіліске оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Қ.Ә.Ахметов, тәрбие ісі жөніндегі проректор Я.Н. Оспанова және Еуразия гуманитарлық институтының мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы меңгерушісінің орынбасары К.С. Қалдыбаев қатысты. Мәжілісте топ кураторларына 2016 жылдың 1 қаңтарында іске қосылған, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР Заңы түсіндірілді. Бұл Заң ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын жүзеге асыруға бағытталған.