ЕАГИ-де ашық есік күні өтті

2018 жылдың 23 ақпанында Еуразия гуманитарлық институтының ғимараты, білім беру бағдарламалары туралы толық ақпарат алуға, институт тарихының қызықты фактілерімен танысуға, қызметкерлермен және студенттермен әңгімелесіп, өздерін толғандыратын сұрақтарға жауап алуға келген, болашақ талапкерлерге толды.

Конференц-залда қонақтар алдында ЕАГИ-дің бірінші проректоры, профессор А.Ж. Исмаилов сөз сөйледі. Ол болашақ ЖОО мен мамандық таңдаудың маңыздылығына назар аударды. Декан, ф.ғ.к., доцент Қ.А.Мамаділ, тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н.Оспанова, ЕАГИ-дің ЖІК төрағасы Н. Тырнахан институттағы сабақтан тыс кезеңдегі әрекет туралы ақпаратпен бөлісіп, ЕАГИ студенттік өмірі туралы презентация жасады.

Ары қарай қонақтарды кафедраларға шақырды. Онда олар мамандықтардың білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен таныса алды. Сонымен бірге кафедраларда жоғары курстың студенттері дәріс оқып, ал бірінші курстың студенттері оқудың ерекшеліктері мен келешегі туралы әңгімеледі.

Еуразия гуманитарлық институты Ашық есік күні келгендердің бәріне алғыс білдіреді!