ЕАГИ-де Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Масленица өтті
2025 жылғы 4 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында ЕАГИ Қазақстан халқы студенттік Ассамблеясы, Жастар ісі жөніндегі комитеті «Елорданың орыс қауымы» ҚБ-мен, Астана қ. Корейлердің жастар қанатымен, Астана қ. «Ассамблея жастары» РҚБ-мен бірлесіп «Масленица» мерекелік іс-шарасын өткізді. Мереке институт қызметкерлері, оқытушылары мен студенттері қатысқан «Креативті құймақ» байқауын өткізуден басталды. Барлық қатысушылар құймақтың дәміне ғана емес, сонымен қатар олардың дизайнының өзіндік ерекшелігіне, сондай-ақ түс схемасына таң қалды! Сондай-ақ бұл күні концерт, ұлттық ойындар мен қызықты квиз өтті! Мереке «Креативті құймақ!» конкурсының қорытындысымен аяқталды:
- 1-орын – «БО-23-01» академиялық тобы;
- 2-орын – «Т-24-01» академиялық тобы;
- 3-орын – «ШТТ-23-01» академиялық тобы.
Конкурсқа қатысқаны үшін ЕАГИ түлектері қауымдастығының мүшесі Алла Владимировна Табатчикова және ПД-23-01 тобының кураторы Айгуль Каирбековна Алтынбаеваның жұбайы Дюсебаев Кайрат Саинович алғыс хаттармен марапатталды.