ЕАГИ-де Қазақстан Республикасы күнінің аясында кездесулер өтуде

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Қазақстан Республикасы күнін мерекелеу аясында қоғам қайраткері, з.ғ.к., тарих және әлеуметтік ғылымдар академигі, профессор, Еуразия гуманитарлық институтының заң пәндері кафедрасының меңгерушісі К.З. Идырысовпен және «Болашақ» бағдарламасының түлегі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің сыртқы экономикалық ынтымақтастық және хаттама бөлімінің бас кеңесшісі А.К. Адильбековпен кездесу өтті. Іс-шараға «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемес», «Тарих», «Педагогика және психология», «Қаржы», «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты. Кездесуге қатысушылар мемлекетіміздің тәуелсіздігін қалыптастырудың негізгі кезеңдері туралы пікір алмасты.