ЕАГИ-де Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан турнир өтті

2021 жылғы 12 қазанда Еуразия гуманитарлық институтында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған шахматтан турнир өтті. Турнирге ЕАГИ институты мен колледжінің студенттері қатысты. Турнир қатысушыларының алдында тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Оспанова Ярослава Николаевна, ЖІК төрайымы Шакенова Айнур және турнир ұйымдастырушысы, ПМНО-18-01 тобының студенті Арманұлы Ескендір құттықтау сөз сөйледі. Шахмат партиясын Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, академик Құсайынов Амангелді Құсайынұлы да ойнады, ол біздің шахматшыларымыздың жоғары дайындық деңгейін атап өтті.

Турнир қорытындысы бойынша 1-орынды – Гусейнов Вюгар (ПП-20-01), 2-орынды – Шерубаев Ален (ИСР-22), 3-орынды – Есенов Ердаулет (ПВР-12).

Турнирдің жеңімпаздары мен қатысушылары грамоталармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.