ЕАГИ-де Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне арналған іс-шара өтті

2016 жылдың 15 қарашасында экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы күніне арналған іс-шара өткізді.

Іс-шараны ЕАГИ деканы, ф.ғ.к. Қ.А. Мамаділ ашты. Декан өзінің құттықтау сөзінде студенттерге оқуда табыс, сәттілік және жеңістер тіледі.

Қатысушы студенттер үш топқа бөлініп, интеллектуалдық жарыс өткізді. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-орынды символдық атауы бар «Теңге» командасы жеңіп алса, 2-орынды «Лимон зеленых» командасы, ал 3-орынды «Монета» командасы иеленді.