ЕАГИ-де бағдарлау апталығы өтті

2022 жылғы 1-6 қыркүйекте Еуразия гуманитарлық институтында бағдарлау апталығы өтті. Оның шеңберінде ЖОО басшылығы мен әкімшілігінің, қолдау қызметтерінің басшыларының, академиялық топтардың кураторларының, эдвайзерлердің және студенттік өзін-өзі басқару көшбасшыларының бірінші курс студенттерімен кездесулері өтті.

Университет басшылығымен кездесуде Еуразия гуманитарлық институтының ректоры профессор А.Ж. Исмаиловқа кіріспе сөз ұсынылды, ол бірінші курс студенттерін студенттік өмірінің басталуымен құттықтап, университеттің тарихы мен жетістіктері туралы айтып берді.

Кездесуді институттың оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ.Ә. Ахметов жалғастырды. Ол өз сөзінде бірінші курс студенттерін Ішкі тәртіп ережелерімен, ЕАГИ жарғысымен, Жоғары оқу орны студентінің ар-намыс кодексімен, Академиялық адалдық кодексімен, Кредиттік технология бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен таныстыруға баса назар аударды.

Қ.Ә. Ахметов өз сөзінде студенттердің сапалы білім алуы үшін барлық жағдайлар жасалған ЕАГИ-дегі оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін атап өтті. Сондай-ақ оқу және ғылыми жұмыстың негізгі ережелері туралы ақпарат ұсынылды. Бұдан әрі академиялық мәселелер және аккредиттеу жөніндегі департаменттің директоры, ф.ғ.к., профессор С.Б. Загатова сөз сөйледі.

Бағдарлау апталығы аясында студенттер алдында тәрбие жұмысының негізгі бағыттарын таныстырған тәрбие ісі жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Я.Н. Оспанова, институт деканы, п.ғ.к., доцент Т.Н. Кемайкина; тіркеу бөлімінің басшысы Қ.Т. Байжұманова; қашықтықтан білім беру технологиялары орталығының басшысы А.С. Темиргалиева; ЕАГИ психологиялық қызметінің жетекшісі, доцент Н.Ж. Болатбекова, ЕАГИ инклюзивті білім беруді сүйемелдеу жөніндегі психологиялық-педагогикалық қызметтің басшысы, магистр А.Т. Аязбаева; кітапхана директоры С. Б. Хамзина; волонтерлік орталықтың басшысы, магистр Г.К. Темиргалиева; баспасөз орталығының басшысы Т.Г. Калиаскарова; ЖІК төрағасы А. Абильдина, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары сөз сөйледі. Академиялық ұтқырлық және халықаралық байланыстар жөніндегі үйлестіруші, магистр А.Т. Сандыбаева республиканың, жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарында оқыту бағдарламаларын таныстырды. Кездесу барысында студенттер сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Бірінші курс студенттері үшін танысу күндерін дайындау мен өткізуге тіркеу бөлімінің қызметкерлері мен эдвайзерлер қатысып, «Platonus» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі жұмысының ерекшеліктерімен, пәндерге жазылу рәсімімен, жеке оқу жоспарларын толтырумен таныстырды. Кітапхана қызметкерлері ЖОО кітапханасының қызметтері туралы айтып берді. Аталған кезеңде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне, Білім күніне орайластырылған кураторлық сағаттар өткізілді.

Барлық бірінші курс студенттеріне оқуда сәттілік, жаңа жетістіктер мен барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!