ЕАГИ-де баскетбол және шахмат бойынша турнир өтті

2016 жылдың 27-28 қазанында Еуразия гуманитарлық институтында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз. Біз есірткіге қарсымыз. Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!!!» ұранымен баскетбол және шахмат бойынша турнир өтті. Спорттық іс-шара Астана қаласы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен және Астана қаласы ІІД-нің есірткімен күрес бойынша басқармасымен бірге өткізілді.

Баскетбол бойынша турнирде 1-орынды шетел тілдері кафедрасы, 2-ші және 3-ші орындарды экономикалық және математикалық және мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедралары иеленді. Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы ЮК-14 тобының командасы «Жеңіске жету жолында ерік үшін» дипломымен марапатталды. Баскетбол бойынша турнирдің үздік ойыншылары Жанбаев Евгений, Саян Мольдир, Салимжанов Еркебулан дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шахмат бойынша турнирде 1-орынды Шынтемир Дархан (ПМНОК-15-01), 2-орынды – Толеубаев Мирас (ЮКС-14-01), 3-орынды – Тулеутай Аскар (ПДС-14-01) жеңіп алды.