ЕАГИ-де би мерекесі!
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Еуразия гуманитарлық институтында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қолдауымен институт қызметкерлері мен студенттері арасында «ЖАСТАР, БИЛЕ!» би onlinе-жобасының VII кезеңі өтті.
Onlinе-жобаның қатысушылары түрлі номинацияларда өздерінің бейнероликтерін ұсына отырып, өз шеберліктерін көрсетті. Құзыретті қазылар алқасы жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады, марапаттау рәсімі 26 наурызда ЕАГИ конференц-залында өтті. Көрермендердің қошеметтеуімен мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен келесі номинациялар бойынша:
– «Заманауи би»: 1-орын – шығармашылық топ, құрамында: Әйгерім Ералиева (Ф-17-01 тобы), Ақбота Жорабек (ШТ-20-01 тобы), Жанара Талғатова (ПД-17-02 тобы), Лидия Ан (ПД-17-02 тобы), Аида Әуесханкызы (ПДК-17-02 тобы); 2-орын – «Шашу» би ансамблі: Жанна Сейтмұханбет (Юк-20-01 тобы), Әсел Сапақ (КТ-20-01 тобы), Альмира Абдрахманова (КТ-20-01 тобы), Айғаным Тіллабай (ШТ-20-01 тобы); 3-орын – Кристина Карпенко (ПП-20-01 тобы);
– Халық биі: 1-орын – Даяна Аскарова (ЮК-19-01 тобы), 2-орын – Кристина Карпенко (ПП-20-01 тобы), 3-орын – «Шашу» би ансамблі;
– «Dance Mix»: 1-орын – Жанар Туралиева (экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының координаторы), 2-орын – Әйгерім Ералиева (Ф-17-01 тобы), 3-орын – Дияна Русланкызы (AIT-19-01 тобы) марапатталды.
Қазылар алқасының төрағасы, декан, п.ғ.к., доцент Татьяна Нигматовна Кемайкина атап өткендей, бұл би жобасы біздің студенттеріміздің өнері мен шығармашылығының нағыз мерекесіне айналды.
Сондай-ақ бейнероликтер Telegram-каналда орналастырылды, онда оқытушылар мен студенттердің дауыс беруі «Көрермендер көзайымы» номинациясының жеңімпазы – Маржан Байсалықованы (ПД-20-01 тобы) анықтауға мүмкіндік берді.
Қорытындылау рәсімінде тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова жобаның серіктестеріне, қазылар алқасының мүшелеріне және тікелей институт қызметкерлеріне, оқытушылары мен студенттеріне жастар бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, осы жобаға қатысу арқылы ЕАГИ студенттері Қазақстан жастарын өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жүзеге асыруға, рухани және адамгершілік қасиеттерін дамытуға, патриотизмді, салауатты өмір салты мен көшбасшылықты қалыптастыруға ықпал ететін оң қозғалыстарда өздерін танытуға шақыратындығын атап өтті!