ЕАГИ-де Білім күніне арналған бейнеконференция өтті

2020 жылдың 1 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында Білім күніне арналған бейнеконференция өтті. Білім күні іс-шараны институттың Бірінші проректоры, психология ғылымдарының кандидаты, профессор А.Ж. Исмаилов құттықтау сөзімен ашып, жоғары оқу орнының тарихы мен жетістіктері туралы айтты, студенттерге оқу жолында табыс тілеп, оларды оқуға жауапкершілікпен қарауға, белсенділік пен бастамашылдық танытуға шақырды, осылайша біздің институтымыздың еңбегін көбейтетінін айтты.

Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Әбішев Х.Ә. Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығымен құттықтап, ҚР негізгі заңының маңыздылығын және оның қазіргі заманғы ұлттық сауаттылықты одан әрі дамытудағы рөлін атап өтті.

Институттың Бірінші проректоры 2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша келесі номинацияларда дипломдар табыстады: «Үздік куратор» — Н.Т. Нығыманова, Ж.Д. Дәулетханова, Г.А. Канафина, «Үздік оқу тобы» – ИК-18-01 оқу тобы (кураторы А.З. Еслямова, старостасы Е. Парахатов), ИЯК-18-04 оқу тобы (кураторы Ф. Хасилан, старостасы А. Кошенов), «Үздік студент» – Р. Шуханов (ЮР-18-01 оқу тобы), А. Сейдіхан (Ф -17-01 оқу тобы), А. Қабыл (ППК-17-01 оқу тобы).

Сондай-ақ, ректордың білім беру грантын тағайындау конкурсының жеңімпаздары марапатталды; олар: Әбдібекова Гүлім (тегін оқу гранты), Төлегенова Диназ (50% жеңілдікпен оқу), Кулумбаева Мерей және Жұмағұлова Қаракөз (25% жеңілдікпен оқу).

Институт оқытушылары мен студенттерін оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахметов Қ.Ә., әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Оспанов С.С., тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Оспанова Я.Н., институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Кемайкина Т.Н., шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Волкова Л.В., экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Тәжбенова Г.Д., қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Дәуренбекова Л.Н., педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Нығыманова Н.Т. құттықтады.

«Жылдың үздік студенті – 2020» номинациясының жеңімпаздары, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары Шуханов Рустем (ЮР-18-01 тобы) мен Қабыл Әйгерім (ППК-17-01 тобы) бірінші курс студенттерін құттықтады, сондай-ақ оларға оқуда табыс, институттың қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенділік пен бастамашылдық тіледі.

Дәстүр бойынша ЕАГИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитетінің «Аққу» әдеби-шығармашылық бірлестігінің мүшесі Жүніс Жұлдыз оқытушылар мен студенттерге шығармашылық құттықтау сөз сөйледі.