ЕАГИ-де Білім күніне арналған митинг өтті

Бүгін, 2016 жылдың 1 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында Білім күніне арналған митинг өтті. Митингте институт ректоры, академик А.Қ. Құсайынов баршаны жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, осы жылдың Қазақстан үшін ерекше болып саналатынын, атап айтқанда: еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Семей ядролық полигоны жабылуының 25 жылдығы, Рио-де-Жанейродағы XXXI жазғы 2016 Олимпиадалық ойындарда қазақстандық спортшылардың жеңістері сынды оқиғалармен тұспа-тұс келгендігін атап өтті. Ректор студенттерді 2016-2017 оқу жылына арналған ҚР Президентінің атаулы шәкіртақысының тағайындалуы туралы Ғылыми кеңестің шешімімен, ректордың білім беру грантын тағайындау конкурсының қорытындысымен, сонымен бірге 2015-2016 оқу жылының «Үздік куратор», «Үздік оқу тобы», «Үздік студент» және «Кафедра ЖІК-тің үздік төрағасы» атты конкурстарының қорытындысымен таныстырды. Барлықтарыңызды жаңа оқу жылымен құттықтаймыз және жұмыс пен оқуда табыс тілейміз!!!