ЕАГИ-де білім күніне арналған онлайн-митинг өтті

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында білім күніне арналған онлайн-митинг өтті. Білім күніне арналған іс-шараны құттықтау сөзімен институт ректоры, академик А.Қ. Құсайынов ашты, ол жоғары оқу орнының тарихы мен жетістіктері туралы айтып берді, студенттерге оқу жолында табыс тіледі және оларды, біздің институттың еңбегін арттыра түсіріп, оқуға жауапкершілікпен қарауға, белсенділік пен бастамашылық танытуға шақырды.

Заң пәндері кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.З. Ыдырысов Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтап, ҚР негізгі заңының маңыздылығын және оның заманауи ұлттық сауаттылықты одан әрі дамытудағы рөлін атап өтті.

2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша институт ректоры Амангелді Құсайынұлы Құсайынов келесі номинациялар бойынша дипломдар табыстады: «Жылдың үздік жас оқытушысы» – педагогика ғылымдарының магистрі, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының аға оқытушысы Г.С. Райнбекова, «Үздік куратор» — педагогика кафедрасының аға оқытушысы И.А. Тобагабылова, «Үздік оқу тобы» – Ф-18-01 (куратор Б.Б. Мажитова, староста А. Туленова), ЮК-20-01 (куратор А.Э. Тортаева, староста А. Сарсенова), «Үздік студент» – И. Карим (ПДК-18-01 оқу тобы), Э. Баймурзинова (ЮР-19-01 оқу тобы), А. Сарқытов (ИЯ-18-01 оқу тобы), Ә. Мерген (ИК-18-01 оқу тобы), «Үздік староста» – И. Кәрім (ПДК-18-01 оқу тобының старостасы).

Сондай-ақ ректордың білім беру грантын тағайындау конкурсының жеңімпаздары марапатталды. Олар: Жилькенова Адина (тегін оқу гранты), Бернгард Алина (50% жеңілдікпен оқыту), Султанова Сабина (25% жеңілдікпен оқыту).

Институт оқытушылары мен студенттерін тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Я.Н. Оспанова, институт деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Т.Н. Кемайкина, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.В. Волкова, экономикалық және математикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Д. Тәжбенова, қазақ және орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н. Дауренбекова, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Н.Т. Нығыманова.

«Жылдың үздік студенті» номинациясының жеңімпаздары, студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары Ислам Кәрім, Аңсар Сарқытов және Эльвира Баймурзинова бірінші курс студенттерін құттықтап, оқуда табыс, институттың қоғамдық және ғылыми өмірінде белсенділік пен бастамашылдық тіледі.

«Хан-би» би ансамблі осы іс-шараны көркем және шығармашылық нөмірлермен көріктендірді.