ЕАГИ-де дөңгелек үстел өтті
2017 жылдың 20 қыркүйегінде Еуразия гуманитарлық институтында ҮЕҰ-ның қызметкерлерімен жән жастар ұйымдарымен дөңгелек үстел өтті. Оған мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы ЮР-17-01, ЮК-16-01 топтарының студенттері қатысты. Дөңгелек үстелде келесі мәселелер қарастырылды: Конституциялық реформалар, Конституция – Қазақстан Республикасының берік тұғыры және Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңы. Дөңгелек үстелдің бағдарламасына сәйкес Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі Қазақстан Республикасы агенттігі департаментінің жемқорлықтың алдын алу басқармасының жетекшісі Рахматулин Аскар Рашитович, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахметов Чингиз Шопанұлы сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің соңында қорытынды шығарылып, пікір алмасты.