ЕАГИ-де дарындылар арасында кастинг өтті!

2019 жылғы 11-12 қыркүйек аралығында Еуразия гуманитарлық институтында дарынды студенттердің кастингі өтті. EAГИ-дің Жастар ісі жөніндегі комитеті 1-курс студенттерімен танысу және оларды бейімдеу аптасы аясында, 1-курс студенттерін институттың белсенді өміріне тарту үшін жыл сайын күзгі кастингті өткізеді.

Іс-шара ЕАГИ-дің тәрбие ісі жөніндегі проректоры Я.Н. Оспанованың, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасының орынбасары А. Айтымованың, институттың баспасөз орталығының жетекшісі Г.С. Дакенованың, кафедралар ЖІК-тері төрағалары мен студенттік қоғамдық бірлестіктердің жетекшілерінің қатысуымен өтті. Кастингке 100-ден астам 1-курс студенттері қатысты, олар талантты әншілер, бишілер мен жүргізушілер ғана емес, сонымен қатар кәдімгідей актерлер, КТК-шілдер, аспапта ойнайтындар, майталман айтыскерлер мен мәнерлеп оқи алатындар екен.

Жастар ісі жөніндегі комитет тәрбие жұмысын күшейту және студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту мақсатында өзінің құрылымын кеңейте отырып, өз қатарына әлеуметтік белсенді студенттерді қабылдайды. Мұндай кастинг жастар көшбасшыларының жаңа жұлдыздарын дайындауға көмектеседі!