ЕАГИ-де діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті

2022 жылғы 6 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралары шеңберінде Еуразия гуманитарлық институты студенттерінің Нұр-Сұлтан  ПД ЭҚБ жедел уәкілі полиция майоры Амир Маратович Маратовпен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Сондай-ақ тәрбие жұмысы жөніндегі проректор, п.ғ.к., профессор Ярослава Николаевна Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық ақпарат алды.