ЕАГИ-де діни экстремизм және лаңкестіктің алдын алу мәселелері талқыланды

2016 жылдың 22 қыркүйегінде ЕАГИ-де діни экстремизм және лаңкестіктің алдын алу бойынша дәріс өтті. Бұл дәрісті өткізуге Астана қаласы Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Айбасова Арайлым және «Ареал» қоғамдық ұйымның жетекшісі, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Рүстембекова Айман шақырылды.

Лекторлар өз сөздерінде радикалдық және теріс ағымдарды жақтаушылардың тигізер зиянын атап, жастарға дін мен дәстүр сабақтастығы туралы дұрыс түсінік берді. Жоғарыда аталған ағымдардың кері әсерінің әртүрлі факторларын атады.

Бұл дәріс 2013-2017 жылдарға арналған «Діни экстремизм мен лаңкестіктің алдын алу» бағдарламасы аясында ұйымдастырылғанын атап өту керек.