EAГИ-де «Экономикалық пәндерді оқытуда «OES-Вебинар», «Platonus» ААЖ платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибесі» тақырыбында оқытушылар үшін вебинар өтті
2020 жылғы 13 сәуірде Еуразия гуманитарлық институтында «Экономикалық пәндерді оқытуда OES-Webinar, «Platonus» ААЖ платформаларының мүмкіндіктерін пайдалану тәжірибесі» тақырыбында вебинар өтті. Вебинарға ЕАГИ-дің әкімшілік-басқарушылық құрамы және кафедралардың профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Бірінші проректор А.Ж. Исмаилов вебинарды ашып, қашықтықтан оқыту технологиясының заманауи маңыздылығын атап өтті. Вебинар модераторы С.Б. Загатова тәжірибені қорытындылай келе, «OES-Webinar», «Platonus» ААЖ платформаларында онлайн және офлайн сабақтарда жіберілген қателіктерді қарастырды.
Вебинарға қатысушылар экономикалық-математикалық пәндер кафедрасының оқытушылары, аға оқытушы Б. Баймамыровтың және м.ғ.д., аға оқытушы Ж.Д. Дәулетханованың айтқандарына қызығушылық танытты, олар «OES-Webinar», «Платонус» ААЖ білім беру платформаларының мүмкіндіктерін ұсынып, білім платформаларын қашықтықтан пайдалану тәжірибесімен бөлісті. Вебинар барысында оқытушылар «Platonus» ААЖ платформасында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы ақпарат ұсынды.
Оқытушылар, онлайн-семинарға қатысушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды, сонымен қатар әртүрлі білім беру интернет-ресурстарын пайдалану тәжірибесімен бөлісті, әріптестерінің ұсыныстарына жауап берді.