ЕАГИ-де Golden time тобының жеке концерті өтті

2017 жылдың 29 наурызында Еуразия гуманитарлық институтында Golden time тобының жеке концерті өтті. Топтың жетекшісі шетел тілдері кафедрасының ПДК 4-11 тобының студенті Қалиев Мұқаметқанафия, сонымен бірге топтың құрамында Абушаxманов Алмаз ( ИЯК 15-02), Ким Владислав (ПП 14-01), Танатарова Меруерт (ЮР 16-01), Акпаев Арман (Ф 16-01) сынды студенттер бар.

Студенттер, оқытушылар және институт қонақтары Golden time тобының орындауындағы керемет музыкалды туындыларды тыңдады. Концертте әйгілі де танымал әртүрлі музыкалды бағыттарды орындаушылардың туындылары және де топтың жеке туындылары орындалды. Концертке топ қатысушыларының ата-аналары мен жақын туыстары шақырылды. Бұл концерттің жағымды және позитивтік атмосферасын орнатты. Сахнада да сондай атмосфера болды. Балалар өздерінің музыкаларына толық еніп, залға жағымды энергетика сыйлай отырып өздерінің аспаптарында сүйсіне ойнады. Зал оларды толық қолдап отырды. Golden time тобының барлық әндері сезімге толы жазылған. Концерт соңында көрермендер бір-бірімен алған әсерлері жайлы бөлісті.