ЕАГИ-де халықаралық аудармашылар күні өтті

2017 жылдың 28 қыркүйегінде шетел тілдері кафедрасында жыл сайын өтетін «Халықаралық аудармашылар күні» іс-шарасы өтті. «Аударма ісі» және «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының студенттері концертке белсене қатысты.   ИЯ-17-02, ИЯК-17-01, ПД 2 курс, ИЯК-15-02, ПДК-17-01, ИЯК-16-02, ПД-17-01, ИЯ-17-01, ИЯК-17-02, ПД-16-01, ИЯК-16-01 топ студенттері шығармашылық музыкалық нөмірлер дайындады, Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық тақырыбы көрініс табатын ақпараттық және әсерлі қабырға газеттерін шығарды. Сонымен бірге іс–шараға шетел тілдері кафедрасы филиалының өкілі болып табылатын № 72 мектептің оқушылары қатысты. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Я. Н. Оспанова, доцент, шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, доцент Л.В. Волкова, «Аударма ісі» мамандығы бойынша шетел тілдері кафедрасының түлегі, ерікті және Morgan Graves ағылшын клубының жұмысына жауапты А.Ю. Ястребов іс шараның өтілуіне алғыс білдірді.

Концерттің соңында белсенді қатысушыларға грамоталар мен жүлделі орындарға дипломдар салтанатты түрде табыс етілді.