ЕАГИ-де Халықаралық конференция өтті

2017 жылдың 13 желтоқсанында Еуразия гуманитарлық институтында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Омбы мемлекеттік техникалық университеті, П.Г. Демидов атындағы Ярослав мемлекеттік университеті, Херсон мемлекеттік университеті, Херсон үздіксіз білім беру академиясы, Еуразия гуманитарлық институты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, А.Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Коркыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстандық инновациялық университеті, Х.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Нархоз» университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «ЭлектрИнжиниринг» оқу орталығы, ЕАГИ колледжі, Өнер мектебі (Қарағанды), № 1 орта мектебі (Астана), Т. Айбергенов атындағы № 16 орта мектебі, № 32 мектеп-гимназиясы (Астана) сынды ғылыми, жалпы білім беретін мекемелердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Конференция жұмысына Ресей, Украина және Қазақстан ғалымдары мен оқытушыларының баяндамалары ұсынылды. Олар орта, жалпы, орта кәсіби, жоғары, қосымша кәсіби білім беруді жүзеге асыратын білім беру, ғылым, саясат және білім берудің әртүрлі ұйымдары саласындағы уәкілетті ұйымдардың өкілдері (Астана, Алматы, Киев, Мәскеу, Омбы, Херсон, Ярославль және т.б.).

Конференцияда педагогика, психология, филология, тарих, философия, әлеуметтану, экономика және құқық салаларындағы ғылыми зерттеудің өзекті мәселелері талқыланды, ғылыми ақпаратты алмасу жүзеге асырылды, қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы және олардың дамуының келешегі бар әлемдік жетістіктерінің қазіргі жағдайына талдау жүргізілді.

Еуразия гуманитарлық институтының ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик А.Қ. Құсайынов конференцияның қатысушыларына алғы сөз сөйледі. Пленарлық мәжілісте тарих ғылымдарының докторы, профессор, Еуразия гуманитарлық институтының оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қ.Ә. Ахметовтың (Қазақстан); педагогика ғылымдарының докторы, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің профессоры Е.А. Алисовтың (Ресей); психология ғылымдарының докторы, П.Г. Демидов атындағы Ярослав мемлекеттік университетінің профессоры В.В. Козловтың (Ресей); филология ғылымдарының докторы, профессор, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау

мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптау кеңесінің мүшесі Н.Ж. Шаймерденованың (Қазақстан); заң ғылымдарының кандидаты, Еуразия гуманитарлық институтының профессоры Х.Ә. Әбішевтің (Қазақстан); экономика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті экономика және кәсіпкерлік кафедрасының профессоры Д.М. Мадиярованың (Қазақстан); педагогика ғылымдарының докторы, Херсон мемлекеттік университетінің профессоры Н.В. Слюсаренконың, Херсон үздіксіз білім беру академиясы тәрбие берудің теориясы мен әдістемесі, психология және инклюзивтік білім беру кафедрасының оқытушысы М.М. Навроцкаяның (Украина); психология ғылымдарының докторы, Еуразия гуманитарлық институты педагогика кафедрасының профессоры Т.А. Абдрашитованың (Қазақстан); филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті шетел тілдерінің теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі Ж.А. Бейсембаеваның (Қазақстан) сөздері тыңдалды.

Конференция жұмысының барысында «Педагогикалық білім беруді жетілдірудің мәселелері»; «Шетел филологиясы және аударма ісінің мәселелері»; «Қазіргі заман жағдайында экономика және құқықтың өзекті мәселелері» тақырыптарында дөңгелек үстелдер өткізілді.

Конференция қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды және белсенді қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.