ЕАГИ-де көктемгі интерактив

2016 жылдың 2-3 наурызында Еуразия гуманитарлық институтында жыл сайынғы мәдениаралық байланысты қолдау бағдарламасы аясында АҚШ оқытушылары семинарлар өткізді.

Бұған «Астананың студенттік өмірі» атты компанияның сөйлесу клубының ағылшын тілі оқытушылары шақырылды.

David Dubias, Jason Hilbert, Sean Davis Steve Young (Дэвид Дубиас, Джейсон Гильберт , Шон Дэвис Стив Янг) «Leadership: Vision» и «Leadership: Teambuilding» тақырыптарында семинар өткізді.

Оқытушылар студенттермен жетекшілік, мықты және ерікті тұлға секілді қасиеттерді дамыту, уақытты ұйымдастыру және басқару, күйзелісті жеңу тақырыптарын талқылады.  Әр семинар 25-30 минуттан тұрды және 15-20 минут топпен талқылау жасалды. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, үздіксіз қарым-қатынас әрекетін қолдады.   «Шетел тілдері» және «Аударма ісі» мамандығының екінші курс студенттері мен шетел тілдері кафедрасының оқытушылары әр сессияға қатысты.