ЕАГИ-де оқу практикасы аясында семинар өтті

2018 жылдың 26 қаңтарында «Аударма ісі» мамандығы ПД-17-01 және ПДК-17-01 тобының студенттері оқу практикасы аясында өткен семинарға қатысты.

Еуразия гуманитарлық институты түлектері қауымдастығының мүшесі А.Ястребов өткізген «Аударманың ұтымды шешімі» тақырыбындағы семинарда аудармашы мамандығының шеберлігі айтылып, студенттердің қызығушылығын оятты. Студенттер сұрақтар қойып, талқылауға қатысып, тапсырмалар орындады.