ЕАГИ-де онлайн көрсетілім өтті

2018 жылдың 29 наурызында Еуразия гуманитарлық институтының студенттері «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі жұмысының онлайн көрсетілімінің қатысушысы болды. Оған жастар ұйымдарының көшбасшылары, жасампаз, ғылым, жұмысшы және ауыл жастары, әйгілі қазақстандықтар қатысты. Әр елдің делегаттары 2015 жылдан бастап ұйым жұмысының қорытындысын шығарды және жаңа міндеттерді анықтады. Күн тәртібі бес секцияға бөлінді. Конгресс-Орталықта, Ұлттық мұражайда және Назарбаев Университетінде өтті. Съездің қатысушылары «Цифрлы Қазақстан», «Рухани жаңғыру», заманауи білім, инновациялар және денсаулық сақтау бағдарламаларын талқылады.