ЕАГИ-де өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығу өтті

2024 жылғы 15 наурызда А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтында өрт қауіпсіздігі бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығу ұйымдасқан түрде өтті, эвакуация санаулы минуттарда орын алды, зардап шеккендерді құтқару және дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету сауатты жүзеге асырылды.

Осындай іс-шараларды өткізудің арқасында студент жастарда төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық және жедел шешім қабылдау дағдылары қалыптасады, бұл төтенше оқиғалардың туындау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.